1) Австралия

Австралияның намысын 14 жастағы әнші Джордан Энтони қорғайды. Ол We Will Rise деген әнді орындайды. Композиция ағылшын тілінде жазылған.

Джордан Энтони бұған дейін The Voice Australia 2019 байқауына қатысқан.

Jordan Anthony - We Will Rise - Australia ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

2) Албания

Биыл Албаниядағы ұлттық іріктеуге 19 әнші қатысты. Іріктеуде Исеа Чили есімді әнші Mikja ime fëmijëria («Балалық шақтағы досым») әнімен жеңіп шықты. Исеа орындайтын ән албан тілінде жазылған.

Isea Çili - Mikja Ime Fëmijëri - Albania ?? - Official Video - Junior Eurovision 2019

3) Армения

Арменияның атынан байқауға Карина Игнатян қатысады. Ол Colours of Your Dream деген армян және ағылшын тілдеріндегі әнді орындайды.

Карина 2017 жылы Ресейдегі «Голос.Дети» байқауына, 2019 жылы «Детская Новая волна» конкурсына қатысқан.

Karina Ignatyan - Colours Of Your Dream - Armenia ?? - Official Music Video - Junior Eurovision

4) Беларусь

Биыл Беларусьтің атынан 14 жастағы Елизавета Мисникова ағылшын және орыс тілдерінде жазылған Ashen деген әнмен қатысады.

Liza Misnikova - Pepelny (Ashen) - Belarus - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

5) Грузия

Грузия Junior Eurovision тарихында 3 рет (2008, 2011 және 2016 жылдары) жеңіске жетті. Халықаралық ән байқауы 2017 жылы Тбилисиде де өтті. Биыл бұл елдің намысын Георгий Ростиашвили қорғайды. Ол грузин және ағылшын тілдерінде жазылған We Need Love шығармасын орындайды.

Giorgi Rostiashvili - We Need  Love - Georgia ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

6) Ирландия

Ирландия балалардың ән байқауына 2015 жылдан бастап қатысып келеді. Бұл ел әзірше конкурста жеңіп көрген жоқ. 2019 жылы Польшада өтетін халықаралық ән байқауына Анна Керни Banshee деген ирланд тіліндегі әнмен қатысады.

Anna Kearney - Banshee - Ireland ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

7) Испания

Испания 2004 жылы Junior Eurovision конкурсында жеңіске жетті. 2003, 2005, 2006 жылдары бұл мемлекет үздік бестікте болды. Содан бері мұндай нәтижені қайталай алмай келеді. Ал биыл байқауда Мелани Гарсия есімді қатысушы испан тілінде жазылған Marte әнін орындайды.

Melani Garcia - Marte (Mars) - Spain ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

8) Италия

Италия Junior Eurovision-ға 2014 жылдан бері қатысып келеді. Сол жылы Винченцо Кантьелло жеңіп шықты. 2016 жылы Италияның атынан қатысқан Фиамма Бочча топ-3 артистің қатарында болды. Ал биыл бұл елден байқауға Марта Виола есімді әнші итальян және ағылшын тілдерінде жазылған La voce della terra композициясымен қатысады.

Marta Viola - La Voce Della Terra - Italy ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

9) Қазақстан

Қазақстан бұл байқауға биыл екінші рет қатысқалы отыр. Былтыр Данэлия Төлешова еліміздің атынан алғаш рет қатысып, 6-орынды иеленді. Ал биыл 12 жастағы Ержан Максим өнер көрсетеді. Ол қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Арманыңнан қалма» деген  әнді орындайды.

Ержан Максим — Ресейдің «Первый канал» телеарнасындағы «Голос. Дети» жобасының 6-маусымының жеңімпазы.

Yerzhan Maxim - Armanyńnan Qalma - Kazakhstan ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

10) Мальта

Мальта 2013, 2015 жылдары байқауда 1-орын алды. Биыл Элиана Гомез Бланко өнер көрсетеді. Ол байқауда We Are More әнін айтады. Композиция ағылшын және мальта тілдерінде жазылған.

Eliana Gomez Blanco - We Are More - Malta ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

11) Нидерланды

Нидерланды Junior Eurovision конкурсы алғаш өткен 2003 жылдан бері қатысып келеді. 2009 жылы Киевте өткен байқауда Ральф Макенбах есімді әнші жеңіп шықты. 2019 жылы бұл елдің атынан Мэтью Хинзен өнер көрсетеді. Ол байқауда нидерланд және ағылшын тілдеріндегі Dans Met Jou әнін шырқайды.

Matheu - Dans Met Jou - The Netherlands ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

12) Польша

2018 жылы Минскіде өткен байқауда Польша жеңіске жетті. Ал биыл байқау осы елде өтіп жатыр. Конкурста Виктория Габор поляк және ағылшын тілдеріндегі Superhero әнімен бағын сынайды.

Viki Gabor - Superhero - Poland ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

13) Португалия

Португалия 2006, 2007 жылдары Junior Eurovision-ға қатысып, 2008-2016 жылдар аралығында байқаудан қалыс қалды. 2017 жылдан бастап қайта қатыса бастады. Бірақ әзірше бұл елдің өнерпаздары топ-10 әншінің қатарына да ене алмады. Биыл конкурсқа Джоанна Алмейда қатысады. Ол Vem comigo (Come With Me) деген әнді орындайды.

Joana Almeida - Vem Comigo (Come With Me) - Portugal ?? - Official Music Video - JESC 2019

14) Ресей

Ресей 2005 жылдан бері қатысып келеді, 2006, 2017 жылдары жеңіске жетті. Ресей сайыскерлері әрдайым үздік 10 әншінің қатарынан көрініп келеді. Биыл байқауда Татьяна Меженцева және Денберел Ооржак дуэты орыс және ағылшын тілдеріндегі A Time For Us әнін орындайды.

Tatyana Mezhentseva and Denberel Oorzhak - A Time For Us - Russia ?? - Official Video - JESC 2019

15) Сербия

Сербия екі рет (2007, 2010 жылдары) үздік үш елдің қатарында болды. Польшада өтетін биылғы конкурсқа Дарья Врачевич Raise Your Voice әнімен қатысады. Композиция серб және ағылшын тілдерінде жазылған.

Darija Vračević - Raise Your Voice - Serbia ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

16) Украина

2012 жылы Амстердамда өткен Junior Eurovision байқауында Украина жеңіске жетті. Бұл ел биыл байқауға София Иваньконы жіберді. Ол украин және ағылшын тілдерінде жазылған The Spirit of Music деген әнді орындайды.

Sophia Ivanko - The Spirit Of Music - Ukraine ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

17) Солтүстік Македония

Бұл ел 2012, 2014 жылдардағы байқауға ғана қатысқан жоқ. Бірақ әлі күнге дейін жеңіске жетпеген елдердің тізімінде тұр. 2019 жылғы байқауға Мила Моcков Fire деген әнмен қатысады. Ол композицияны македон және ағылшын тілдерінде айтады.

Mila Moskov - Fire - North Macedonia ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

18) Франция

Франция биыл байқауға 3-рет қатысқалы отыр. Карла есімді орындаушы ағылшын және француз тілдеріндегі Bim Bam Toi әнді орындайды.

Carla - Bim Bam Toi - France ?? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

19) Уэльс

Уэльс байқауға былтыр ғана қосылды. Былтыр бұл ел 20-орынды иеленді. Биыл Эрин Мэй Грув Calon yn Curo деген әнмен қатысады.

Erin Mai - Calon yn Curo - Wales ??????? - Official Music Video - Junior Eurovision 2019

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!