Басты бетҚоғам"5-20-25" жаңа...

«5-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммунал шаруашылықты дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасын мақұлдады.

Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру тапсырмасы аясында баспанаға қол жеткізудің сатылы жүйесі енгізіліп жатыр. Мұнда ең негізгі айқындаушы фактор халықтың табысы болады. Кезекте тұрған және табысы отбасындағы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі — 29,7 мың теңгеден аспайтын жетім балаларға, І және ІІ топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге және тағы басқаларға сатып алу құқығынсыз жалға пәтер беріледі, — деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көпбалалы, толық емес және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар бұрынғыдай баспана ала алады. Олардың табысы екі ең төменгі күнкөріс деңгейі — 59,4 мың теңгеден аспайтын болуы керек.

Кезекте тұрған және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 есесінен, яғни 92 мың теңгеден аспайтын азаматтар «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктің несиеге берілетін баспанасына үміткер бола алады. Бұл бағдарлама әскерилерге, бюджет қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметкерлерге арналған. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 есесінен асатын «7-20-25» бағдарламасына қатыса алады, — деп түсіндірді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, табысы бес ең төменгі күнкөріс деңгейінен (148,5 мың теңгеден) асып кететін қазақстандықтардың «Орда», «Баспана Хит», «Өз үйім» бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі бар.

ДереккөзTengrinews.kz