«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 12-14 қараша күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Мамандардың болжамы бойынша Қазақстанның ауа райына антициклон, циклон және қайтадан антициклон әсер етеді. Бұған дейін ел аумағында орныққан суық және күшті антициклон ауа температурасының төмендеуіне және жауын-шашынға себеп болған еді. Енді бұл антициклоннан соң Ресейдің Еуропа бөлігінен циклон мен оның фронттары жылжиды. Циклонның әсерінен жауын-шашын мен тұман түседі, көктайғақ болады, температура жоғарылайды.
Бірақ циклон ұзақ болмайды. Скандинавияның солтүстігінен Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарына кезекті суық антициклон енгелі тұр, — деп хабарлады синоптиктер.