Оңтүстік-батыстан басқа өңірлерде күн жауын-шашынды болады

Өңірлерде жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын соғады.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын мен секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түседі, көктайғақ болады, Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында күн тұманды болады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында екпіні секундына 20 метрге жететін жел соғады. Нұр-Сұлтанда тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.