МӘМС жүйесі туралы ақпараттың дұрыс-бұрысын ажырата аласыз ба?

Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң 2015 жылы қабылданды. Жүйені толық енгізу 2020 жылға жоспарланған. Бұл күнге 2 айдан аз уақыт қалды. Соған байланысты жүйе туралы түрлі пікірді топтастырып, қайсы ақиқат, қайсы шындыққа жанаспайтынын анықтауды жөн көрдік. 

Суреттің жоғары жағындағы сұрақты оқып, оның миф немесе ақиқат екенін тексеріңіз. Дұрыс жауапты білу үшін суретті басыңыз.

"Сақтандырылмағандар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмектен қағылады". Осы ақпарат қаншалықты рас?

дәрігер Суретті бұру үшін шертіңіз
Бұл - жалған ақпарат. Еліміздегі барлық азамат сақтандырылса да, сақтандырылмаса да, тегін медициналық көмек пакетін пайдалана алады. Тегін медициналық көмекке санитарлық авиация, жедел жәрдем, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен созылмалы сырқаттарды емдеу, бастапқы медициналық-санитарлық көмек, паллиатив көмек кіреді. Бұл қызметтердің барлығы бюджет есебінен тегін көрсетіледі.

"Сақтандыру жүйесінде азаматтарға берілетін медициналық көмек төлеген жарнасының мөлшеріне тәуелді". Осы рас па?

аурухана Суретті бұру үшін шертіңіз
Бұл жалған. МӘМС жинақтау жүйесі емес. Алатын емнің көлеміне қаржы жағынан шектеу қойылмаған. Ол үшін сақтандыру жүйесіне қатысып, жарна төлеп отырсаңыз, жеткілікті. Бұл сізге осы пакетке енген қызметтің барлық түрін пайдалануға мүмкіндік береді.

"МӘМС жүйесіне төлеген жарнаны жақын туыстың бірінің атына аударуға болмайды". Осы пікір шындыққа жанаса ма?

Медицина, гинекология Суретті бұру үшін шертіңіз
Бұл рас. Міндетті медициналық сақтандырудың жинақтау жүйесі емес екенін жоғарыда жаздық. Түскен қаржы жиналмайды, медициналық көмекті қажет ететін азаматтарға жұмсалып отырады. Бұл - қазақстандық сақтандыру жүйесінің негізгі принциптерінің бірі.

"Мемлекет сақтандыруды медицинаға қаржы бөлмеуі үшін енгізіп жатыр". Осыған келісесіз бе?

Жедел жәрдем, апат медицинасы Суретті бұру үшін шертіңіз
Бұл - миф. Мемлекет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізсе де, міндетінен бас тартпайды. Біріншіден, бюджеттен қаржыландырылатын Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі сол баяғыша сақталады.  Оны Қазақстанның барлық азаматы және елде тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер де пайдалана алады. Екіншіден, мемлекет жеңілдігі бар 15 санатқа жататын 11 миллионға жуық адам үшін жарна төлейді.

"Зейнеткерлер мен жұмыссыздар сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді пайдалана алмайды". Бұл рас па?

ауруханада жатып емделу Суретті бұру үшін шертіңіз
Бұрыс пікір. Мемлекет әлеуметтік жағынан аз қорғалған 15 санат үшін ай сайын жарна аударып отырады. Олардың қатарында зейнеткерлер, жұмыссыздар, көпбалалы аналар, мүгедектер тағы басқалары бар. Толық тізім "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңның 26-бабында көрсетілген. Бұл тізімге енбеген азаматтар жарнаны "өз бетінше төлеуші" ретінде екінші деңгейлі банктер арқылы төлей алады.

Share:

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!