Еуропалық комиссия бейсенбі күні әуе тасымалдарының қауіпсіздігі бойынша тізімді қайта жаңартты. Бұл тізімге Еуроодаққа ұшуға тыйым салынған әуе компаниялар кіреді.
«Біз Air Astana-ның алты жылдық қызметінен кейін шектелген компаниялардың тізімінен шығарылғанына куаныштымыз», — деді Еурокомиссия мүшесі Виолета Булц.
«Дегенмен ЕО азаматтарының қауіпсіздігі үшін Қазақстанның басқа әуе кемелері тізімде қалды. Сондай-ақ, тізімге ирактық Iraqi Airways әуе компаниясы енгізілді», — деп атап өтті ол.
ЕО азаматтарының қауіпсіздігі үшін жаңаланған тізім 11 қарашада жарияланады. Тізімге 20 мемлекеттің 228 әуе компаниясы енгізілген.