5 қарашада Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі, театр және кино актрисасы Раиса Мұхамедиярова 80 жасында өмірден өтті. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы театрында 8 жылға жуық уақыт еңбек етті. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында 1960 жылдан бері жұмыс істеген.

Актрисамен қоштасуға қыздары Гауһар мен Гүлнар Мүсіреповалар, туыстары мен әріптестері, марқұмды танитын басқа да жұрт жиналды.

Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Раиса Мұхамедиярованың туыстары. Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева

Қаралы жиында кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов актрисаның Шәкен Айманов бастаған гвардия сарбаздарының бірі екенін айтты. Оның айтуынша, өзі актрисамен інісіндей араласқан.

Жоғары курсты енді ғана бітіріп, қысқаметражды фильм түсірмекші болдым. Киномда осы кісі ойнаса екен деймін. Бірақ айтуға, оны киноға түсіруге жүрексіндім. Әріптестерімнің айтуымен жігерімді жинап, ұсыныс айттым. Қарапайым кісі екен. 3 күн түсірдік те, аз ғана қаламақысын алып үйіне бардым. Ақшаны алмады. Мен барған сайын алдыма табақ тартады. «Ойбай, Реке, мен жалғыз өзім ғой, табағы несі?» десем, «Сен ер адамсың ғой. Үйге ер адам келгенде табақ тұруы керек» дейді. Әке-шешесімен де араластым, қыздары қарындастарымдай болып кетті, — деді Сатыбалды Нарымбетов.

Режиссер бір кездері Раиса Мұхамедиярованы ренжітіп алғанын еске алды.

Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Сатыбалды Нарымбетов. Фото: Айгүл Хожантаева

Бұл кісіні бір рет ренжітіп едім. Содан жүрегімде дық қалып қойды. Киностудияда Әйелдер күніне арнап дастархан жайылды. Барсам, бәрі отырып қойыпты. Кеудемді қолыма қойып жалпы амандасып, бос орынға жайғастым. Рекеңе қарама-қарсы отырыппын. Бір кезде жүзіне назар салсам, Рекеңнің көзінен жас ақырын сырғып бара жатыр екен. Бұл кісіге не болды деп шошыдым. Сөйтсем, маған өкпелепті. Алдымен келіп сол кісіге сәлем беріп, қолынан сүймегеніме ренжіпті. Ылғи сөйтуші едім, — деді режиссер.

Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева

Сатыбалды Нарымбетовтің айтуынша, актрисаны бәрі Раиса деп емес, Рекең деп атаған. Актрисаға өзін осылай атаған ұнаған екен.

«Рекең» деп ер кісілерге айтушы еді» дегенімде, өзгенің солай атағаны өзіне ұнайтынын айтты. Бір күні шлагбаумның қасынан өтіп бара жатсам, Рекең келе жатыр екен. Көңілі көтерілсін деп жаныма келгенше қол шапалақтап тұрдым. Жан-жағына қарады да, «Сен маған қол соғып тұрсың ба?» деп сұрады. «Әрине, сізге. Бұрында Рекең деген ұнайды деуші едіңіз. Шынымен өр басып, ер адам келе жатқандай көрінді» деп едім, «Соны енді маған — Раиса Мұхамедияроваға комплимент деп айтып тұрсың ба?» деді. Өнер адамының алмағайып екенін сонда көрдім, — деді Сатыбалды Нарымбетов.

Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева

Қазақстанның халық артисі Роза Әшірбекова әріптесінің сырттай тәкәппар көрінгенімен, шын мәнінде, өте кішіпейіл жан болғанын айтты.

Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Роза Әшірбекова. Фото: Айгүл Хожантаева

Раямен арамыз — бір жас қана. Раяның театрдағы ең үлкен ролі — «Ұлпан» қойылымындағы бас кейіпкер. Рая қарапайым, көп сөйлемейтін, сөйлесе, турасын айтатын адам еді. Өте сұлу болатын. Өзін ақсүйек әйел ретінде ұстайтын. Балажан еді. Екі қызынан туған екі ұлды тойларға өзімен бірге ертіп жүретін. Ғабеңнің көзі тірісінде үйінде Шәкен Айманов секілді классиктер жиналып, преферанс ойнайтын, — деді Роза Әшірбекова.

Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева

Әріптесінің айтуынша, Раиса Мұхамедиярованы театрға сол кездегі директор Гүлжаһан Жанысбаева алып келген. 2-3 ай жүріп зорға көндіріпті. 8 жылдай уақыттан соң өз еркімен шығып кеткен. Кейін Досхан Жолжақсынов директор болғанда актрисаны қайта шақыртып алды. Онда да бір жылға жетер-жетпес істеп, көпке белгісіз себеппен театрдан кетеді. Бұдан соң әріптестерімен байланысы да үзілген.

Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Фото: Айгүл Хожантаева
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Раиса Мұхамедиярованың туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Ғ.Мүсірепов театрының директоры Азамат Сатыбалды. Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Фото: Айгүл Хожантаева
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева

Қоштасу рәсімінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың да жеделхаты оқылды.

Раиса Мұхамедиярованың өмір жолы — өнер жолындағы жанқиярлықтың, тазалық пен биік талғамның жарқын үлгісі. Асыл апамыздың рухани ұстанымы жастарға теңдесі жоқ тағылым, өнеге болып қалады, — делінген жеделхатта.

Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева
Раиса Мұхамедиярова, қоштасу
Фото: Айгүл Хожантаева

Раиса Мұхамедиярова 1939 жылдың 11 шілдесінде қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Құрмет орденінің иегері. 1961 жылы «Ән қанатында» көркем фильміне кездейсоқ түсіп, танымал болды. Содан бері қазақ киносында 30-ға жуық картинада ойнады. Ол «Менің атым — Қожа», «Айдай сұлу Айсұлу», «Бұғы-адам», «Найзатастың етегінде», «Астана — махаббатым менің» фильмдеріндегі ролімен көптің есінде қалды. Актриса Кеңсай-2 зиратына жерленді. Кеңсайдағы зиратта оның өмірлік серігі болған халық жазушысы Ғабит Мүсірепов те жатыр.