Тест: Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұңғыш Жолдауында не айтылып еді?

Екі ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғаш Жолдауын арнаған еді. Президент бұл Жолдауда не айтты, еске түсіріп, біліміңізді тексеріп көріңіз.

0%

Президент баспана кезегінде тұрған көпбалалы әрі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мәселесін қанша жыл ішінде шешуді тапсырды?

Көпбалалы отбасы. Жәрдемақы
Дұрыс! Қате!

Жолдаудан үзінді: "Менің Үкіметке тапсырмам – кезекте тұрған аз қамтылған көпбалалы отбасыларға баспана беру мәселесін үш жыл ішінде шешу керек. Бүгінде олардың саны 30 мыңға жуық".

Орта білім берудің ұлттық стандартының негізі не болуы керек?

Дұрыс! Қате!

Жолдаудан үзінді: "Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуға тиіс".

Экономика дамуын тежейтін себептің бірі ретінде қандай мәселе аталды?

Доллар теңге валюта ақша
Дұрыс! Қате!

Жолдаудан үзінді: "Ақша-кредит саясаты тиімділігінің жеткіліксіздігі еліміздің экономикалық дамуын тежейтін себептің бірі болып отыр".

Президент шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін іс-әрекетке қандай сипаттама берді?

Кәсіпкер, бизнес, тренинг
Дұрыс! Қате!

Жолдаудан үзінді: "Шағын және орта бизнеске қатысты рейдерлік әрекеттер жиілеп кетті. Бұл мәселе жөніндегі ұстанымым белгілі: бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әрекеттер мемлекетке қарсы қылмыс деп танылуға тиіс".

Президенттің айтуынша, суармалы жер көлемін 2030 жылға дейін 3 миллион гектарға ұлғайту қандай пайда береді?

Суармалы жер
Дұрыс! Қате!

Жолдаудан үзінді: "Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді".

Қасым-Жомарт Тоқаев қандай қылмыстарға қатысты жазаны қатайту қажет деді?

ұры, қылмыскер
Дұрыс! Қате!

Жолдаудан үзінді: "Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет".

Жолдауда алдағы үш жылда қай саланың реформасына 173 миллиард теңге бөлінетіні айтылды?

Ішкі Істер Министрлігі
Дұрыс! Қате!

Жолдаудан үзінді: "Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінеді".

Президент Жолдауы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдығы не?

Мемлекеттік қызмет
Дұрыс! Қате!

Жолдаудан үзінді: "Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады".

Үкіметке еңбек өнімділігінің нақты өсімін қанша есе арттыру тапсырылды?

Еңбек өнімділігі
Дұрыс! Қате!

Жолдаудан үзінді: "Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керек".

Президент заң шеңберінен шықпайтын, азаматтардың тыныштығын бұзбайтын митингілер туралы не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев
Дұрыс! Қате!

Жолдаудан үзінді: "Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауға тиіс".

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұңғыш Жолдауында не айтылып еді?
Қап, әттеген-ай! Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұңғыш Жолдауын міндетті түрде оқып шығыңыз. Бұл - өте маңызды дүние!

Жаман емес. Жолдауды тағы бір оқып шықсаңыз, артық болмайды.

тест жаман емес

Жарайсыз! Жолдауда айтылған міндеттерді ұмытпапсыз.

Жарайсың!

Әлеуметтік желіде бөлісу: