Жер шарының қарама-қарсы нүктесі антипод деп аталады.

Antipodesmap.com сайтының іздеу жүйесіне қаланы, тұрғылықты мекенжайды, пошта индексін немесе басқа да географиялық координатты енгізсе, сол жердің антиподы көрінеді (төменде оң жақтағы карта). Көп жердің антипод нүктесі судан шығады. Себебі Жер шарының 71%-ін мұхит басып жатыр. Сондықтан құрлықтан құрлыққа шығатын антипод нүктелер аз.

карта
Алматының антипод нүктесі

Мысалы, Алматының Бостандық ауданынан бір жерді тессеңіз, Чилидің батыс бүйіріндегі Тынық мұхитынан шығасыз. Қазақстан аумағының антиподы Тынық мұхитының оңтүстік-шығысында орналасқан.

антипод
Қазақстанның антипод нүктесі

Қытай мен Моңғолияның кей жері Аргентина, Чили елдерімен беттеседі. Бұл — антипод нүктелері құрлықтан табылған ең үлкен аумақ. Еуропа елдері мен АҚШ-тың қарсы нүктесі мұхиттан табылады. Жаңа Зеландия аралының қарсы нүктесі Испания, Португалия, Марокко елдерінен шығады.

карта антипод
Фото: Antipodesmap.com

Ең танымал антипод нүктелер — Оңтүстік және Солтүстік полюстер. Олардың қашықтығы — 12 713,505 шақырым.