Қытайдың мектеп оқулығына Димаш Құдайберген туралы мәлімет енді

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Өзіңді Қытай мектеп оқулықтарынан көрген керемет екен, — деді Димаш Құдайберген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Приятно видеть себя в школьных учебниках Китая.

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Димаш — бала кезінен музыкалық дарын иесі. Бірақ ол әлі де оқуда табандылық танытып, вокал қабілетін дамытып, әнді жақсы жеткізу үшін бірнеше тілді үйреніп жүр. Димаштың еңбекқорлығы биік жетістіктерге жетуіне ықпал етіп жатыр, — делінген кітапта.

Қытай оқушыларына Димаш Құдайберген туралы бірқатар сұрақ та ұсынылған.