Қытай Қазақстанда неше зауыт салады?

Ауыл шаруашылығына арналған жерді шетелдіктерге жалға беруге мораторий жарияланғанына қарамастан, Қытай компаниялары Қазақстанға бәрібір келеді. Бұл туралы бір ай бұрын Елбасы өзі мәлімдеді. Президент Аспан асты елімен қазақ жерінде 51 кәсіпорын салу туралы келсім жасалғанын атап өтті. Тек, енді Қытаймен арадағы қатынас жерді жалға беру емес, ортақ жобаларды жүзеге асыру деп аталатын болды.

Қазақстан жұртшылығы тағы да шоршып түсті. Халық наразылық танытып, ол не компаниялар, біздің елде не істемек екенін түсіндіруді талап ете бастады. Алайда, шенеуніктер бәсекелестіктен қорқамыз, әрі тізімді жариялауға рұқсат бермей отырған серіктестеріміз тарапынан сынға ілігуден тізгін тартамыз деп, ақпаратты жария етуден бас тартты.

Бір белгілі болғаны — Қытай бес жыл ішінде Қазақстанға 26 миллиард доллар инвестиция әкелмек екен. Кәсіпорындар агрокешенде ғана емес, өнеркәсіпте де құрылмақ.

«Открытая Азия онлайн» серіктесі —  Информбюро медиапорталы  — ауыл шаруашылығына арналған жер қандай компанияларға берілетінін анықтап білді. Ортақ кәсіпорындар туралы ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігі берді. Мұнда әзірленген және әзірленіп жатқан деп бөлінген барлығы 13 жоба аталады.

Дайындық деңгейі жоғары, жалпы құны 196,3 млн долларлық 5 жоба

1. Күнбағыс дәнін және рапсты өңдеу

КүнбағысЖоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңінде ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін зауыт салынады, екіншісінде – күнбағыс майы бөтелкелерге құйылады.

Бүгінде өз қаражаты есебінен бірінші кезең бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.  «Жуй Юан Фин» корпорациясымен май шығару зауытының жабдықтарын жеткізуге бастапқы келісім жасалған. Айналым қаражатын толықтыру үшін құжаттар жиналып, екінші деңгейлі банктерден қаржыландыру алу үшін кепілдік базасын дайындау және құжаттарды әзірлеу жүріп жатыр.

Жыл басында «Жуй Юан Фин» корпорациясының өкілдері жобаны жергілікті деңгейде зерттеу үшін Өскеменге келіп кеткен. 2016 жылғы қаңтардың аяғында «Восток-Агрохолдинг» ЖШС басшысы «Жуй Юан Фин» корпорациясының өкілдерімен жолығу үшін Қытайға барып қайтқан. Бұл жобаны ШҚО үйлестіру кеңесі қарастырып, кәсіпкерлерді қолдаудың өңірлік картасына енгізу үшін мақұлдаған.

2. Дән өңдейтін зауыт құрылысы

Дән өңдейтін зауыт құрылысы
(«Жаннур Астана» ЖШС, СҚО, қолдануға берілуі – 2018 жыл, жобаның құны – шамамен 110 млн доллар)

Қытай тарапымен арада құрылыс жүргізуге келісім-шарт жасалған, техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, аумағы 50 гектар жер телімі бөліп берілген. Құрылыс 2016 жылғы күзде басталады. Қазір KEGOC үшін жобалау-смета құжаттарын әзірлеу мәселелері жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

3. Майлы дақылдарды өңдеу

Жоба бойынша жобалау-смета құжаттары дайын тұр, бас жоспар бекітілген, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бетон іргетас құйылып, бетон тораптар орнатылып, электр жүргізу жұмыстары жүріп жатыр.

4. Ет комбинаты, бордақылау алаңы және тері-былғары цехі құрылысын қамтитын қой өсіру кластерін құру

Ет комбинаты, бордақылау, қой өсіру
(«Eurasia Agro Holding» ЖШС, ШҚО, қолдануға берілуі – 2017 жыл, жобаның құны – шамамен 26,7 млн доллар)

Бүгінге дейін RIFA Holding-пен серіктестік жөнінде келісім жасалған. Бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі акционерлік келісім әзірленген.

Бірлескен кәсіпорынды құру және барлық қажет құжаттарын рәсімдеумен айналысатын заңгерлік фирмалар анықталған. «Қазақстан даму банкі» АҚ жоба бойынша қаржыландырудың индикторлық шарттарын мақұлдаған.

5. Жаңа мұздатылған балық және балық өнімдерін өндіру және сату

Жаңа мұздатылған балық және балық өнімдерін өндіру және сату
(«Кузьмич» ЖШС, ШҚО, қолдануға берілуі – 2018 жыл, жобаның құны – шамамен 0,5 млн доллар)

2016 жылғы қаңтарда Қытайға ары қарайғы өңдеу үшін 20 тонна жаңа мұздатылған балық жіберілген болатын. Бүгінде Бұқтырма су қоймасында майшабақ пен тауар үшін балық өсіру үшін қосымша телімдер беру жөніндегі байқауға қатысуға әзірлік жұмыстары жүріп жатыр.

«Кузьмич» ЖШС 2016 жылғы мамырда «Зайсан Рыбпродукт» АҚ-нан ауданы 1300 шаршы метр балық цехінің ғимаратын 15,3 миллион теңгеге сатып алды. 100 тонна көлемінде балық аулауға рұқсат алынған, сондай-ақ, тендер жарияланғаннан кейін қосымша рұқсат алуға өтініш беріледі, ал қосымша шикізатты сатып алу жоспарланып отыр.

Ресейден 1,5 миллион теңгеге кептіру-ыстау жабдықтарын сатып алу жоспарланып отыр, 30 пайыз алдын-ала төлеп жасалып қойған. Балық өндірісі қалдықтарын жою мақсатында 5 миллион теңгеге дәнді және майлы дақылдар қалдықтарын қосып жем өндіретін жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру мерзімі — 2016-2017 жылдар.

Әзірлену кезеңіндегі, жалпы құны 302,8 млн долларлық 8 жоба

1. Соя бұршағын өңдейтін қазіргі заманғы жоғары технологиялы өндіріс кешенін салу

(«Assar Group» ЖШС, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, қолдануға берілуі  – 2018 жыл, жобаның құны – шамамен 44 млн доллар).

Серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылған. Қытай тарапы 28 миллион доллардан астам тұратын құрал-жабдық пен технология түрінде, қазақстандық компания  — қарыз капиталы мен 16 миллион долларлық өндіріс базасы түрінде инвестиция салады.

2. Томат өсіру және томат пастасын өндіру

Томат өсіру және томат пастасын өндіру
(«Кызыл Агро Плюс» ЖШС, Қызылорда облысы, қолдануға берілуі – 2018 жыл, жобаның құны – шамамен 32,6 млн доллар)

Қытай тарапымен бірлесіп Қызылорда облысында томаттың 11 түрінің көшетін егу жөнінде эксперимент жүргізілген. Қазіргі таңда көкөністер жинап алынған және бизнес-жоспарын әзірлеу процесі жүріп жатыр.

Қытайдың COFCO компаниясының зауыт құрылысын бастау жөніндегі соңғы шешімі осы жылдың желтоқсанында күтіліп отыр. Томат зауыты құрылысы 2017 жылға, өнім шығару — 2018 жылға жоспарланып отыр.

3. Зығыр және басқа да ауылшаруашылық дақылдарын өсіретін және өңдейтін агроөнеркәсіп кешенін салу

Зығыр және басқа да ауылшаруашылық дақылдары
(«Базис Алатау» ЖШС, Қостанай облысы, қолдануға берілуі – 2017 жыл, жобаның құны – шамамен 117,6 млн доллар)

Наурызым ауданында аумағы 200,5 мың га жер телімі бөліп берілген. 42 мемлекеттік акт алынып, Наурызым ауданындағы шекаралас жер иелерімен келісім процедуралары өткізілген.

Қытайда зауыт құрылысы бойынша жобалау-смета құжаттары әзірленіп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып жатыр. Сондай-ақ, Қостанайдың өніркәсіптік аумағында өңдеуші зауыт құрылысы жөніндегі мәселе шешіліп жатыр.

4. Құс фабрикасы құрылысы

(Қазақстан тарапынан серіктес әлі анықталған жоқ. Өндіріс ШҚО Ұлан ауданында орналасады, қолдануға берілуі  – 2018 жыл, жобаның құны  – шамамен 20 млн доллар).

Жобаға деп бөлінетін жер телімдері анықталған, экологтардың, СЭҚ мен өрт инспекциясының ауызша келісімі алынған. Құс фабрикасы құрылысы бойынша жобалау-смета құжаттарын Қытайдың «СанБао» компаниясы әзірлеп жатыр. Сумен жабдықтау және электр желісіне қосу үшін техникаоық шарттарды алуға бастапқы деректер күтіліп отыр.

5. Тамшылап суғаруға арналған құрал-жабдық өндіретін зауыт салу

(Yue Teng Agro ЖШС, жобаның құны – шамамен 0,03 миллион доллар, Қарағанды облысы, қолдануға берілуі  – 2018 жыл).

6. Тамшылап суғаруды ұйымдастыру

(Yue Teng Agro ЖШС, жобаның құны – шамамен 1,8 млн доллар, Қарағанды облысы, қолдануға берілуі  – 2018 жыл).

7. Мүйіз және ет өнімдерін өңдейтін цехтар салу

Олений парк. Мүйіз және ет өнімдерін өңдейтін цехтар салу
(«Олений парк» ШҚ, ШҚО, қолдануға берілуі — 2018 жыл, жобаның құны – шамамен 1,7 млн доллар)

2016 жылғы қаңтарда Қытай компаниясының өкілдері  мүйіз және ет өнімдерін өңдейтін цехтар құрылысы жобасымен және есептемелерімен танысқан.

2016 жылғы ақпанның аяғында шаруа қожалығы басшысы Қытайға барып, жобаның ары қарайғы жүзеге асуы мәселелерін талқылап келген. Жобаға инвестиция салу жөнінде келісім жасалған. Қазір жобалау-смета құжаттары әзірленіп жатыр. Жоба жүзеге асса, жыл сайын бір тоннаға дейін марал және бұғы мүйізін өңдеуге мүмкіндік береді.

8. Құс фабрикасын салу

Құс фабрикасы
(Қазақстан тарапынан кім серіктес болатыны әлі анықталмаған, ШҚО, қолдануға берілуі – 2018 жыл, жобаның құны – шамамен 132,4 млн доллар).

Үржар ауданының әкімдігі құс фабрикасын салу үшін ветеринарлық-санитарлық шектерді ескере отырып 200 гектар жер телімін бөлген. Бүгінде жобаның бастапқы техникалық-экономикалық негіздемесі, нысанды біртіндеп толық қуатпен жұмыс істеуге шығаратындай етіп салудың жалпы сметалық есептемесі әзірленген.

Жобаның бизнес-жоспары бойынша «КазАгроФинанс» АҚ-нан оң тұжырым алынған. Құс фабрикасына арналған инфрақұрылым салуды «Еңбекпен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Биылғы наурыз бен сәуірде аудан әкімдігі мен ҚХР Тарбағатай округі делегациясы өзара кездесулер өткізіп, Қытай тарапы құс фабрикасы құрылысы жобасымен танысқан.

«Шиву» компаниясының директоры Ділшат Бахахун осы жобаға қызығушылық танытып, бизнес-жоспарымен танысуға ниет білдірген. Сонымен қатар, жобаға тағы екі инвестор тарту мәселесі қаралып жатыр. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2016-2021 жылдар деп жоспарланып отыр.

Жақында Қазақстанда жер телімдері қандай шартпен жалға берілетіні белгілі болды. Жаңа шарттарды жұмыс комиссиясы әзірледі. Жер алғысы келетіндер байқауға түседі. Комиссия жер телімін пайдалану жөніндегі үздік бизнес-жоспарын ұсынғандарға басымдық бермек.

Жер реформасы жөніндегі комиссияның өзі Президент Жер кодексінің кейбір нормаларына салынған мораторийді ұзартуға қол қойса, жұмысын жалғастыра берудің қажеті жоқ деген қорытындыға келіп, 13 тамызда қызметін тоқтатқан. Комиссия көктемгі оқиғалардан кейін Елбасының пәрменімен құрылған болатын.

ДереккөзОрталық Азия