Қазақстанда Димаш есімді қанша адам бар? Оны ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайтындағы арнайы сервиспен анықтадық.

Комитеттің мәлімет базасы бойынша елімізде Димаш есімді 1 536 азамат бар, оның 668-інің ұлты – қазақ.

Дінмұхаммед есімін Қазақстанда 9 242 адам иеленген. Оның 2 231-і — қазақ.

Дінмұхамед деген есім 6 035 адамға қойылыпты. Оның 2 310-інің ұлты қазақ деп көрсетілген.

Еліміздегі 2 314 адамның құжатына есімі Динмухамед деп жазылған. Оның 1 727-і — қазақ. Тағы 1 051 адамның есімі — Динмухаммед. Мұндай есімді иеленгендердің 638-інің ұлты — қазақ.

Статистика комитеті ресми сайтындағы сервисті жылдың соңғы күні тексеріп, аса көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевпен және әнші, композитор Димаш Құдайбергенмен аттас әрі құрдас қанша азамат бар екенін нақтылауға болады.

Айта кетейік, ресми құжаттарда Дінмұхамед Қонаевтың есімі бір «м» әрпімен жазылған. Ал әнші Димаш Құдайбергеннің толық есімі — Дінмұхаммед. 6 октава вокал диапазонының иесі биыл 24 мамырда 25 жасқа толды.