Қасым-Жомарт Тоқаев үш мемлекетке елші тағайындады

Тиісті жарлықтар Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне Ғабит Қойшыбаев, Қазақстанның Латвия Респуликасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне Тимур Пірімбетов және Қазақстанның Болгария Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне Теміртай Ізбастин тағайындалды.

Бұған дейін Қазақстанның Латвиядағы елшісі қызметін Қазақстанның Литвадағы елшісі Виктор Темірбаев қатар атқарып келген.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, — делінген Ақорданың хабарламасында.