Астананың 20 жылдығы Литвада тойланды

Салтанатты жиын Вильнюстің белгілі ауданы Ужуписта болды. Айтпақшы оның конституциясы қазақ тіліне де аударылған екен. Осы тарихи кварталда тұратын суретшілер, жазушылар мен музыканттар өз аудандарын әзіл ретінде «егемен» деп жариялаған болатын. Заңды түрде танылмаса да, Ужупистің өз президенті, үкімет басшысы мен премьер-министрлері, туы, әнұраны мен төл ақшасы, тіпті шағын әскері де бар. Оның Конституциясы әлемнің ондаған тіліне аударылған болатын, енді міне, оны қазақ тілінде де шықты. Бұл шара Астананың 20 жылдық мерейтойына орай іске асты.

» Бұл латын қарпінде, біздің апострофымызбен жазылған Қазақстанның ресми құжаты. Біз Ужупистың конституциясын өз мемлекеттік тіліне аударған 30-елміз. Ужуписке 20 жыл болса, Астанаға да 20 жыл толып отыр. Ужупис жаңа жылды наурызда тойласа, қазақ елі де Наурызды көктемде  тойлайды. Осы екі елдің ортақ нышандары көп»,- деді Қазақстанның Литвадағы бұрынғы елшісі Бауыржан Мұхамеджанов.

Астананың 20 жылдығына орай Ужупис орталығында фотосуретке әуес жандардың астаналық клубының көрмесі ашылды.

Дереккөз24.kz