Қытай компаниясы Нұр-Сұлтанда дата-орталық салады

CETC International қытай компаниясы мен Қазақстанның Powerry компаниясы Нұр-Сұлтанда дата-орталық салуға келісім шартқа отырды. Бұл туралы Қазақстандағы блокчейнді дамыту және деректер орталығы индустриясының ұлттық қауымдастығы хабарлады.

Powerry компаниясы иелерінің бірі Әбдімәлік Мирахмедовтің айтуынша, мәліметтерді өңдеу қызметі нарғында есептеуіш қуат жеткіліксіз.

Есептеуіш қуатына алдағы уақытта сұраныс арта бермек. 2020-2025 жылдары бұл нарықтың өсуі рекордтық көрсеткішті көрсетуі мүмкін. Компаниялар дата-орталықты бірлесіп басқарады, — деді Әбдімәлік Мирахмедов.

CETC International компаниясы — дата-орталықты басқару мен құрылыс, электрон технологиялары мен ақпарат саласындағы көшбасшылардың бірі. Қытайға көрші елдер мен ТМД елдерімен серіктестік қарым-қатынас орнатқан.

Powerry компаниясы — Қазақстандағы дата-орталық салып, басқаратын ірі операторлардың бірі. Компания мәліметті өңдеу, жасанды интеллект базасында өнімдерді өңдеу қызметін ұсынып, жоғары сапалы есептегіштер мен цифрлы активтерді басқару құралдарын жасап шығарады.