Алматы көшесіне жазушы Герольд Бельгердің аты берілді

Бұл — жазушы, аудармашы, сыншының атына беріліп отырған үшінші көше. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облысындағы екі көше Герольд Бельгер есімімен аталды.

Көшенің ашылу салтанатына келген жазушының қызы Ирина Бельгер қазір әкесінің қолжазбалары мен жеке заттарын жинап, мұражайға өткізуді қолға алған.

Әкеміздің өмірден озғанына 5 жылға жуық уақыт болды. 2015 жылдың 7 ақпаны күні одан айырылып қалып едік. Қазір қолымыздан келгенше арда есімін ұмыттырмас үшін естеліктер жинап жатырмыз. Қолжазбалары бар. Оларды ретке келтіруді көздеп отырмыз, – деді Ирина Бельгер.

Алматының Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәдениет Кәркенов осы көшеде тұрады.

Осы көшенің тұрғыны ретінде келіп тұрмын. Герольд Бельгер, сөз жоқ, қазақтың арасында жүрген, қазақтың қасиетті салтын өте терең білетін, шығармалары халыққа біртабан жақын жазушы болған, — деді Мәдениет Кәркенов.

 

ДереккөзAlmaty.tv