Димаш Құдайберген «Вечерний Ургант» бағдарламасына қонақ болды

Димаш Құдайберген «Вечерний Ургант» бағдарламасына қонақ болды. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды.

«Вечерний Ургант» бағдарламасының түсірілімін аяқтадық. Бейсенбі күні «Первый канал» арнасынан көріңіздер, — деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, бағдарламаның бұл шығарылымында композитор Игорь Крутой «В жизни только раз бывает 65» концертін таныстырады. Концертке мәнерлеп сырғанаушы Аделина Сотникова мен әнші Димаш Құдайберген қатысқан.

2016 жылы режиссер Тимур Бекмамбетов «Вечерний Ургант» бағдарламасына қонақ болды. Сол жылы Скриптонит, Jah Khalib бағдарламада ән айтты.