Өнім Алматы облысында ең көп өндірілген: 14,9 миллиард теңге, көрсеткіш бір жылда 27,8% артқан. Өңірде қағаз өнімдерін негізінен «Қазақстан қағазы» АҚ мен Kagazy Recycling серіктестігі өндіреді.
Қағаз бен қағаз өнімдерін өндіру жөнінен Алматы екінші орында тұр: 12,7 миллиард теңге, өнім өндіру бір жылда 4,8% артқан. Қағаз бен қағаз өнімдерін «Карина Трейдинг», «Компания В», Almapack Co LTD серіктестіктері өндіреді.
Шымкентте қағаз бен қағаз өнімдері бір жылда 30% көп өндірілді. Мұндай көрсеткіш республиканың басқа өңірлерінде болған жоқ. 2019 жылы барлығы 5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Шымкенттегі қағаз өндіретін негізгі кәсіпорындар — «Ақжол-2008 Лтд» және «Бумпром» компаниялары.
Елімізде қағаз бен қағаз өнімдерінің ішінде ең көп өндірілетіні — қорап, жәшік пен сөмке. Қаңтар-қыркүйек айларында осындай 68,3 мың тонна өнім өндірілді, өнеркәсіп өндірісі индексі — 100,9%. Биыл қағаз бен картон өндіру көлемі айтарлықтай артқан: 32,7 мың тонна, өнеркәсіп өндірісі индексі — 188,7%. Биыл дәретхана қағазы өндірісі де артты: 24,5 мың тонна, өнеркәсіп өндірісі индексі — 115,4%. Сонымен бірге 4,3 мың тонна қол сүртетін қағаз, 3,7 мың тонна косметикалық қағаз майлық шығарылған.
Мамандардың мәліметінше, 2018 жылы Қазақстанда қағаз бен қағаз өнімдері өндірісінің көлемі 58,3 миллиард теңге, 2017 жылы 53,5 миллиард теңге болған.