Бойжеткен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болғанда оған қырындап, оқуға түсуіне көмектесу үшін пара сұрағаны туралы видеомәлімдеме жасады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, министр Еңлік Сыдықованың мәлімдемесі жала екенін айтты. Сондай-ақ, ол ар-намысын заңды түрде қорғауға ниетті екенін хабарлады.
«Видеожазбаны түсірген қыз адвокаттың көмегіне жүгінгені дұрыс. Қылмыстық кодексте дәйексіз жала жабудан азаматтарды қорғайтын норма бар — бұл жала туралы бап. Заңгерлерімнен бұл видеоны зерттеп, тиісті құқықтық шараларды әзірлеуін сұраймын», — деді министр