Басты бетЖаңалықтарАлматы құтқару...

Алматы құтқару қызметі тауда қалған бір топ жолаушыны туыстарына жеткізді

Жолаушылар өздігімен жолды таба алмай, Алматы құтқару қызметінен көмек сұраған.

Құтқарушылар жолаушыларға хабарласып, қайда екендерін сұрастырды. Сағат 20.05-те Алматы құтқару қызметінің құтқарушылар тобы (жеке құрамнан 5 адам) оқиға орнына аттанды.

Алматы құтқару қызметі
Фото: Алматы құтқару қызметі

Сағат 20.10-да құтқарушылар мен бір топ «Медеу» мұзайдынына түсті. Жолаушылар туыстарына тапсырылды.