Алматы құтқару қызметі тауда қалған бір топ жолаушыны туыстарына жеткізді

13 қазан күні сағат 19.55 шамасында "109" қызметіне азамат Инятовтан оның әпкесі бес адаммен бірге "Фурманов" шыңынан түсіп келе жатып, адасып кеткені туралы хабарлаған.

Жолаушылар өздігімен жолды таба алмай, Алматы құтқару қызметінен көмек сұраған.

Құтқарушылар жолаушыларға хабарласып, қайда екендерін сұрастырды. Сағат 20.05-те Алматы құтқару қызметінің құтқарушылар тобы (жеке құрамнан 5 адам) оқиға орнына аттанды.

Алматы құтқару қызметі
Фото: Алматы құтқару қызметі

Сағат 20.10-да құтқарушылар мен бір топ “Медеу” мұзайдынына түсті. Жолаушылар туыстарына тапсырылды.