Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың айтуынша, бағдарламаның мақсаты — шағын және орта бизнесті қолдау.
Жыл соңына дейін бағдарлама пилот режимінде сынақтан өткізіліп, 2020 жылдың басынан бастап іске қосылады. Бағдарламаның әкімдік кедергіні төмендету, несие беру, инфрақұрылымды дамыту, оқыту және инвестициялық жобаларды кешенді қолдау сияқты бағыты бар.
Алматы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске ауданның өнеркәсіп, сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшылары, көпбалалы аналар мен Qolday кәсіпкерлік орталығының жобаларды қолдау департаментінің директоры Арманжан Жанбырбаев қатысты.