Астана тұрғыны Әліби Жұмағұлов үстінен полицияға шағым түсірді

ІІД баспасөз қызметінде мәлімдегендей, Жұмағұлов үстінен Астана тұрғыны шағым түсірген.

«Астана ІІД-не 2016 жылдың 28 қыркүйегінде А. азаматшасы тарапынан өзінің танысы Әліби Жұмағұловқа тиесілі автокөлікте қалдырылған ноутбугының қайтарылмай жатқындығы туралы шағым түсті. Шағым бойынша жүргізілген алғашқы тергеу амалдарынан кейін ноутбук иесіне қайтарылып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты, «Есіл» аудандық прокуратурамен келісілгеннен кейін тоқтатылды», — деп мәлімдеді Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Today.kz Әліби Жұмағұловтың алаяқтыққа қатысы болуы мүмкіндігі жөнінде хабарлаған болатын. Шағым түскеннен кейін сотқа дейінгі тексеру жүргізілгені жөніндегі ақпарат Астананың аудандық құқық қорғау органдарының бірінде расталған болатын. Болжам бойынша, шағымданушы – бойжеткен қыз. Ақпарат көзінің айтуынша, Әліби Жұмағұлов аудандық ІІБ-на 6 қазан күні жеткізілді.

Әліби Жұмағұлов 2015 жылдың сәуір айында орын алған қылмыстық оқиғаға қатысушылардың бірі. Оны астаналық кәсіпкер Қайрат Жамалиев асқан қаталдықпен соққыға жыққан. Оқиға жөніндегі мәліметтерді әлеуметтік желілер арқылы зардап шеккен жас жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов жария етті. Бұл оқиға қоғам назарынан тыс қалмады. Әліби Жұмағұлов пен Қайрат Жамалиевтің арасындағы жанжал Айнұр Исина атты әйелге қатысты туындағандығы туралы жәбірленген жігіттің әкесі мәлімдеді.

Қайрат Жамалиев 13 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлігі тәркіленген соң, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге жөнелтілді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің «Еріктен заңсыз айыру», «Бопсалаушылық», «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша кінәлі деп табылды. Барлық жаңалықтарды осында оқыңыз.

ДереккөзToday.kz