Бірінші турға Орталық Азия мен Ресей Федерациясынан 12-17 жас аралығындағы 3500 бала онлайн өтініш жолдаған. Соның ішінен 16 үміткер гала-концертте өнер көрсетті.

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы президентінің айтуынша,  төрт жылдан бері номинациялар қатары толығып, үміткерлердің дарынын шыңдауға мүмкіндік беріліп келеді.

The Planet of ART-2019 фестиваль-байқауы — интернационал атмосферада өтті. Финалистер өздерінің достық қарым-қатынастарын нығайтып, рух бірлігінің идеалдарын түсініп, әрқайсы өзін жеңімпаз деп санайтын баға жетпес тәжірибе жинады, — дейді Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының президенті Болат Ақшолақов

Алматы әкімдігінің арнайы сыйлығын мәдениет басқармасының басшысы Ернар Атамтайұлы «Аспаптар» номинациясы бойынша өнер көрсеткен Санжар Сағындықовқа табыстады. Байқауға қатысушылардың барлығы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ернар Атамтайұлы Ержан Сағындықовты марапаттау сәтінен. Фото ұйымдастырушылардан.

Фестивальдің қорытындысы бойынша «Вокал» номинациясымен Анна Чечерина (Ресей), «Хореография» номинациясымен Абай Юсупов (Қазақстан), «Аспаптар» номинациясымен Азиза Орузбаева (Қырғызстан)  мәдени білім беру бағдарламаларына жолдама алды.

Анна Чечерина. Фото ұйымдастырушылардан

Фестивальге қатысу арқылы басқа өнерпаздарын талантын құрметтеп, мадақтауды үйрендік. Дайындық кезіндегі тренингтер, үздік сарапшылардың, көшбасшылардың қолдауымен әлемге оң көзбен қарай бастадық. Еліме қуанышты жаңалықпен баратын болдым, бірақ қимастық бар, — дейді жеңімпаз Анна Чечерина.

Байқауда қатысушылардың қобалжығаны көрініп тұрды. Жолдама алу үшін үздік өнер көрсетуге бар мүмкіндікті пайдаланды. Тәжікстаннан келген Рухшона Умарова ұлттық биімен халықты таңқалдырды. Көрермен ұзақ уақыт бойы қол шапалақтап, ыстық ықыласын білдірді.

Рухшона Умарова
Рухшона Умарова. Тәжік халық биі. Фото ұйымдастырушылардан

Финалистер Алматы әкімінің эстрада-симфония оркестрінің сүйемелдеуімен, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляковтың жетекшілігімен өнер көрсетті. Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасының халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның ЮНЕСКО клубының өкілі, әнші Данэлия Төлешова қатысушыларға қолдау көрсетті.

Фестиваль ERG компаниясының қолдауымен, Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада танытуға мүмкіндік берді. Шараны Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы мен Тұңғыш Елбасы қоры ұйымдастырды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!