Саммиттің мақсаты – жаңғыртылатын энергия көздерінің пайдаланылуын «қолдау» және оған «қарсы пікір» білдіру, талқылау, еліміздің және бүкіләлемдік қоғамдастықтың «жасыл болашағын» құруға үлес қосатын үздік идеялар мен тиімді шешімдерді іске асыру.

Жоба Қазақстанға жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы инвесторларды, әзірлеушілерді және технология жеткізушілерін, қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасу үшін әлемнің жетекші мамандарын тарту стратегиялық міндетін атқарады.

Саммиттің ұйымдастырушысы — Қазақстанның жаңғыртылатын энергетика қауымдастығы — «жасыл» экономиканы дамытуға мүдделі компанияларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры — саммитті қосалқы ұйымдастырушы.

Шара Kazakhstan Energy Week 2019 (KEW-2019) жобасы шеңберінде өтеді. Оны KAZENERGY қауымдастығы Үкімет қолдауымен іске асырады.

Саммит спикерлері қатарында мына сарапшылар болады:

  • Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі, мемлекет және қоғам қайраткері;
  • Рае Квон Чунг, Нобель сыйлығының лауреаты, «Жаһан энергиясы» сыйлығын беру жөніндегі халықаралық комитеттің мүшесі;
  • Аркадий Дворкович, «Сколково» қорының төрағасы, ФИДЕ президенті, РФ Үкіметі төрағасының экс-орынбасары;
  • Болат Ақшолақов, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры;
  • Руслана Лыжичко, Украина халық артисі, Таза энергия елшісі, «Евровидение-2004» байқауының жеңімпазы, Украина Радасының экс-депутаты;
  • Владимир Школьник, мемлекет қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы;
  • Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  • Дәрмен Сәдуақасов, Dasco Consulting Group басқарушы серіктесі;
  • Армен Арзуманян, «Болашақ энергиясы» USAID өңірлік бағдарламасының жетекшісі;
  • Рамазан Жәмпейісов, БҰҰДБ тұрақты даму департаментінің директоры;
  • Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі;
  • Айдар Қазыбаев, «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің басқарушы директоры;
  • Марлен Ізбасханов, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры;
  • Жомарт Момынбаев, «Заманауи инновациялық технологиялар» ЖШС серіктесі;
  • Руслан Жемқов, «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ басқарушы директоры;
  • Евгений Вагарин, Rodina AG Бас директоры және негізін қалаушы, Чернобыль Күн АЭС әзірлеушісі және иесі;
  • Арман Қашқынбеков, Қазақстан жаңғыртылатын энергия қауымдастығының бас директоры.

Қатысушылар Қазақстандағы және әлемдегі жаңғыртылатын энергетиканың бірқатар стратегиялық маңызды және өзекті мәселесін талқылайды. Оның ішінде келесі тақырыптар:

  • «Жаңғыртылатын энергетика болашағы: жаһан үрдістері мен қазақстандық тәжірибе»
  • «Жасыл» қаржы және «жасыл» экономика: Қазақстанда қандай қаржы құралдары және ЖЭК дамытудың инвестициялық мүмкіндіктері бар?»
  • «ЖЭК жобалары бойынша аукцион сауда-саттық: нәтижелері мен перспективтері»
  • «Best Cases: Қазақстанда ЖЭК облысындағы ең табысты жобалардың рейтингі»

Саммит шеңберінде потенциал инвестор ЖЭК саласындағы стартап-жобаларды арнайы таныстырады. Қазіргі уақытта қатысушылардың өтінімдері жиналып жатыр. Одан кейін Ұйымдастыру комитеті шара шеңберінде жеке әзірлемелерін ұсына алатын перспективасы ең сенімді қатысушылардың тізімін жасайды. Осы секцияға қатысуға 1 тамызға дейін өтініш беруге болады.

Қазіргі уақытта шара бағдарламасы толықтырылып жатыр, жуырда таныстырылады.

ЖЭК саммитіне шараның ресми сайты — Resummit.kz арқылы тіркелуге болады.

Kazakhstan Energy Week 2019 форумына қатысу бойынша Кazenergyforum.com ресми сайтынан толығырақ біле аласыз.