Басты бетЖаңалықтарАлматыда мемлекеттік...

Алматыда мемлекеттік қызметтің 90%-ін электрон форматта алуға болады

Алматы бойынша мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтің 45 түрін ұсынады. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 3 533 279 мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрон түрде 3 306 070 немесе 93,8%-і мемлекеттік корпорация арқылы 9 194 қызмет көрсетілген. Соның ішінде ең көп таралған қызмет түрлері:

  • электрон салық төлеуші ретінде тіркеу — 73 087;
  • салық төлеушіні тіркеу — 23 925;
  • бақылау-касса машиналарын тіркеу және тіркеуден шығару (БКМ)-55 410;
  • салық есебін қабылдау — 1 199 372;
  • жеке шоттан бюджетке есеп айырысулардың жай-күйі туралы, әлеуметтік төлемдер туралы үзінді көшірмелер беру — 1 489 506;
  • cалық есебін қайтарып алу — 49 187;
  • есепке алу және салықты қайтару, бюджетке төлемдер, айыппұлдар, өсімпұлдар — 18 857;
  • тауарларды кедендік рәсімдеу – 109 028.

Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет көрсету аудандарына бөлу арқылы қызметтер ұсынудың пилот жобасы енгізілді, яғни модернизацияланған салық төлеушілерге қызмет көрсету орталығында модератор ағымдарды санатына қарай таратады: қолдау, прогресс, құрметті, бастауыш, балалар. Әркім өзіне лайық санатты таңдап, операторымен талқылай алады.