Басты бетҚоғамНайзағай және...

Найзағай және тұман. 9 қазандағы ауа райына болжам

Тек батыста және оңтүстік-батыста атмосфералық фронталь бөліктерінің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Батыста түнде жауын-шашын жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Алматы облысының кей жерінде найзағай соғып, желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Маңғыстау,  Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өрт қаупі сақталады.