Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына барды

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Бұл туралы Парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Дариға Назарбаева облыстық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге кәсіпкер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен және ұлттық мәдени орталық басшыларымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Сенат төрағасы Nur Otan партиясының облыстық қабылдау бөлмесінде қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.

Дариға Назарбаева мемлекеттік басқару ісі мен республика, облыс деңгейіндегі үкіметтік басқару органдарына әйелдердің көп араласу керек екенін айтты. Сонымен бірге Сенат төрағасы отбасы тұжырымдамасы мен гендер саясатына қатысты жаңа жобалардың талқыланып жатқанын айтты.