Басты бетҚоғамҚайрат Нұртас...

Қайрат Нұртас халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесін қолдауға шақырды

Әнші барша халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесін қолдап, жақындарының денсаулығына бейқам қарамауға шақырды. Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

Бәрімізді де мейірімге бөлеп, талантымызды шыңдаған, мақсатқа жету жолын үйреткен ата-анамыз бар. Бүгінде ержеттік, жақындарымызға қамқорлық жасау – енді біздің мойнымызда. Олардың денсаулығы – біз үшін бақыт. Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы — 73 жас. Әркім ата-анасының немере-шөберелердің ортасында ұзақ жүргенін қалайды, олардың бойына өмірлік тәжірибесі мен ұлттық дәстүрін молырақ сіңірсе деп армандайды. 2020 жылдан бастап енгізілетін медициналық сақтандыру әлеуметтік қағидаттарға негізделген. Демек, ата-анамыз бен балаларымызға толыққанды медициналық қызмет көрсетіледі деген сөз. Көптеген қолжетімсіз, бағасы қымбат болып келетін қызметтер мен анализдер тегін болмақ. Біз төлеген жарна – балаларымыз бен ата-анамызға жасаған қамқорлығымыз. Олардың дені сау болса, біздің де бақытты болатынымыз даусыз, — деп жазды Қайрат Нұртас.

Қайрат Нұртас
Instagram скриншоты

1 қаңтардан бастап Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшеді. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы зейнеткерлер, балалар, жүкті әйелдер, көпбалалы аналар мен күндізгі бөлімде оқитын студенттер және тағы басқа жеңілдік берілген азаматтар тегін медициналық қызмет алады.