Алматыда VI Орталық Азия гастроэнтерология аптасы өтіп жатыр. Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарының өкілдері, гастроэнтерология, диетология, гепатология мен психология салаларының тәжірибелі дәрігерлері бас қосып, қазіргі адамзат баласының тамақтану әдеті мен өмір сүру салтының бауырды созылмалы аутоиммунға және инфекциялық ауруларға тигiзетiн әсерiн талқылады.

Гепатологтардың мәліметінше, Қазақстанда 40%-тен аса адам бауырдың алкоголь емес майлы ауруынан (БАЕМА) зардап шегеді. БАЕМА — бүкіл әлем бойынша бауыр трансплантациясының екінші себебі (әйелдер арасында бірінші себеп). Ол бауырды алмастырып қондырудың кеңінен өсіп бара жатқанына да әсер етіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, ауру белгілерінің байқалмауы мен пациенттердің медицина қызметкерлеріне кеш жүгінуі созылмалы аурулардың диагностикасында қиындық тудырады.

«Бауыр мен ішек ауруларының даму қатері» симпозиумы аясында медицина ғылымдарының докторы, Кардиометаболизм мен тамақтану институтының (ICAN) маманы Ралука Паис ауру-сырқау факторлары жайлы мәлiмдедi.

Бауырдың алкоголь емес майлы ауруымен қатар, алкоголь емес стеатогепатит (АЕСГ) немесе автосыралау синдромымен науқастанудың процент мөлшері артып келеді. Бұл синдром ішектегі бактериялар тәтті тағамдардан алкоголь синтездеуiмен сипатталады. АЕСГ көбіне бойында семіздік, инсулинге төзімділік, қанда холестериннің көп мөлшерде болуы сияқты факторларының бірі бар пациенттерде кездеседі. Бүгінгі таңда АЕСГ-ке қарсы арнайы терапевтика құралдары мен тәсілдері жоқ болған соң өмір сүру салтын модификациялаудың маңызы зор.  Диета арқасында салмақтың 7-10% төмендеуі АЕСГ мен фиброзға кері төтеп береді. Бірақ бұл пациенттен ұзақ талпынысты талап етеді, ал салмақты бір қалыпты сақтау  қиындық тудырады, — дейді Ралука Паис

Ралука Паис бауырдың майлы ауруын емдеуінің жаңа тәсілдері зерттелiп жатқанын хабарлады.

Бауырдың созылмалы аурулары мегаполистің заманауи тұрғынының нағыз індетіне айналды. Тиімсіз тамақтану мен физикалық белсенділіктің төмен болуы салдарынан зат алмасуының төмендеуі негізінде туындайтын БАЕМА — бауыр ауруларының ішіндегі кеңінен таралған дерт. Бұл аурудан әлем бойынша халықтың 20%-тен 46%-ке дейінгі саны, ал Қазақстанда 40%-тен астам халық зардап шегеді. Денсаулығына деген жауапкершілік пен терапевтика шешімдерін оңтайлы қолдану дертті уақытында анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар профилактикалық тексерістерден өту салтын қалыптастыруға жол береді. Сондықтан да біздің басты мақсатымыз – әлем бойынша халықтың денсаулығын сақтау мен өмір сүру жолында сапалы шешімдермен қамтамасыз ету, — деді Орталық Азиядағы Санофи компаниясының CHC бөлімінің бас менеджері Александр Югай.

БАЕМА басты ерекшелігі  — симптомсыз өтуі. Емдеудің негiздерi — физикалық белсенділікті арттыру, тамақтануды түзету, психология тұрғысынан қолдау.

Мамандар келесі тәуекел факторларына назар аударуға кеңес береді:

— артық салмақ, семіздік;

— қанда холестериннің көп мөлшерде болуы;

қант диабеті;

— тұқым қуалаушылық.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!