«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол жүру құны ағымдағы жылдың 22 шілдесінде VI шақырылымдағы қала депутаттарының сегізінші кезектен тыс сессиясында қабылдаған шешіміне сәйкес жоғарылайды.
— Соңғы рет жолақысы 4-тамыз күні көтерілген болатын. Сол кезде автобус пен шағын автобустарда жол жүру құны 10 теңгеге көтерілді, ал трамвайда тек 5 теңгеге ғана өсті. Депутаттар жазда бірыңғай жол жүру құны туралы шешім қабылдаған соң, 15-қазаннан бастап қала бойынша трамваймен жүру 70 теңгені құрайды. Ал, қаладан тыс жерде 95 теңге болмақ, — деді басқарманың баспасөз хатшысы Тимофей Голев.
Айта кетейік, 15 санаттағы азаматтарға барлық жеңілдіктер сақталады. Зейнеткерлер мен 7 жастан 15 жас аралығындағы оқушылар 35 теңге төлейтін болады.