Сербия инвесторлары елорданың құрылыс секторына 80 миллиардтай теңге құяды

Алтай Көлгінов, Сербия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Владан Матич пен Қазақстанның Сербия Республикасындағы құрметті консулы Миланка Карич тұрғын үй кешенінің құрылысы мәселелерін талқылады.

Нұр-Сұлтан әкімі инвестиция жұмысына жайлы жағдай жасалатынын айтты.

Айта кетейік, Moody’ s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігінің есебіне сәйкес, елорданың несиелік рейтингі жақсы жағына қарай өзгерді. Бағалауға қаланың инвестициялық рейтингі де есепке алынған.