Алтай Көлгінов: Нұр-Сұлтанға келетін көмір бағасын бақылау керек

Елода әкімінің айтуынша, маусым сайын көмір бағасының қымбаттауы, оған кезектің пайда болуы мен халықтың көмірді уақытылы ала алмауы қайталанып келеді.

Бұл мәселені бақылауда ұстау қажет. Жеке секторға көмірді алдын ала жеткізу қажет, бағалар белгіленген деңгейде болуы тиіс. Көмір сапасы да өте маңызды. Сапасыз көмір экологияға әсер етеді. Көмірдің сапасын, жеткізілуі мен бағасын аудан әкімдері басшылармен бірге бақылауда ұстауы қажет, — деді Алтай Көлгінов.

Нұр-Сұлтанға 125 мың тонна көмір жеткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 2 есе көп. Жеке секторға 105 мың тонна тасымалданды. Қаланың 11 жерінде көмір сататын 8 компания бар. Көмірдің барлық түрінің бағасы 11 мың теңгеден 12 700 теңге аралығында. Жылу беру маусымына қаланың энергия көздері жабдықтары 99% дайын.