Басты бетҚоғам2019 жылдағы...

2019 жылдағы ең күшті магниттік дауыл басталады

Бүгін, 27 қыркүйекте Жерде G2 деңгейіндегі ең күшті магниттік дауылы басталады. Ол келесі күні, 28 қыркүйекте күшейіп, G3 деңгейіне жетеді. 29 қыркүйек күні дауылдың күші G1-ге дейін азаяды. Тек төртінші күні, 30 қыркүйекте, Күннің белсенді ағыны біртіндеп төмендейді. Ғалымдардың айтуынша, бұл — 2019 жылдағы ең күшті магниттік дауыл.

Мамандар бұл күндері, әсіресе, қан қысымы жоғары және жүрек-қан тамырларының жұмысы әлсіз адамдар  сақтық танытуы керек екенін айтады. Магнит толқынының әсерін азайту үшін қарапайым судың пайдасы зор.

Бұған дейін магниттік дауыл 2019 жылдың мамыр айында тіркелген.

ДереккөзSegodnya.ua