Алматыда Қала күніне орай Әуен Fest фестивалі өтті

Әуен Fest — оркестр топтары қатысатын республикалық концерттік фестиваль. Биыл байқауға Ақтау, Ақтөбе, Петропавл, Орал, Көкшетау, Қызылорда, Қарағанды мен Өскеменнен оркестр топтары қатысты.

Әуен Fest фестивалінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаеваның айтуынша оркестрдің алдымен дайындығы бағаланады.

Бірінші тур классикалық шығармаға арналды. Оркестрлардың техникалық жағына, дайындығына қарадық. Моцарт, Бетховен сияқты композиторлардың шығармаларын орындағанда мұның бәрі бірден білінеді, — деді Жәмила Серкебаева.

Қазылар алқасының құрамында композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Балнұр Қыдырбек, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Александр Игнатенко, доцент Айжан Бекенова, халықаралық байқаулардың лауреаты Заур Сапараев болды. Қазылар алқасының төрағасы — Қазақстан Республикасының халық артисі, скрипкашы Мұрат Серкебаев.

Үшінші орынды Қызылордадан  қатысып, ішекті аспаптармен өнер көрсеткен квартет иеленді. Екінші орын Оралдың камералық ансамбліне бұйырды. Ал бірінші орынды Алматыдан қатысқан трио жеңіп алды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да