Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды. Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар елдің мемлекет және үкімет басшысымен, бизнесмендермен кездеседі деп жоспарланып отыр.

БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы 2019 жылдың 23-25 қыркүйегінде өтеді.  Жиынға 196 делегация, 100-ге жуық мемлекет басшысы, БҰҰ-ға мүше елдердің 80-нен аса үкімет және сыртқы саяси ведомствоның басшыcы қатысады.

Сессия жұмысы аясында 630 кездесу өткізу жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев «Кедейлікті жою үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру, сапалы білім беруді, климат іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілді ілгерілету» тақырыбында өтетін Бас Ассамблеяның дебаттарында, тұрақты даму мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумда сөз сөйлейді.

Дереккөз24.kz