Айдар Махметов жоба аясындағы «Үкіметтік емес ұйым + Бизнес = жастарға арналған мүміндіктер» атты конференцияда жастарға білім жолындағы ізденіс және мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы әңгімеледі.
Bolashaq бағдаламасы арқылы шетелде оқудың тиімділігін түсіндіріп, тәжірибесінде кездескен қызық оқиғалар мен спортта жеткен жетістіктері туралы да айтты.
Өтіп жатқан нетуоркингтің жастар үшін маңызы зор. Олар шараға арнайы келген спикерлерді тыңдап, өздеріне қажет мәлімет алып, тәжірибе жинақтай алады. Нетуоркингке қатысқан спикерлердің барлығы — шетелде арнайы білім алып, ел үшін қызымет етіп жатқан азамат. Жастар үшін мұндай жандармен жақын пікір алмасып, тығыз қарым-қатынас орнату аса маңызды. Ал жастарға осындай іс-шара ұйымдастырып, олардың белсенді азаматтармен етене жақын араласуына жағдай жастаған Bolashaq қауымдастығына алғыс айтқым келеді, — деді Айдар Махметов.
Оның айтуынша, Қазақстанда жастарға жасалған мүмкіндік мол. Жастар оны жақсы түсініп, мемлекет тарапынан беріліп жатқан оңтайлы бағдарламалар мен жобаларға белсене қатысуы керек.
Жобаға қатысқан жастарға өмірімізді өзгерту, жақсы жаққа ұмтылып, жетістікке жету өз қолымызда екенін айтқым келеді. Білім жас талғамайды. Оған жинаған тәжірибеңізді қоссаңыз, нағыз маман боларыңыз анық, — деді ол.
Қазақстанның әр аймағынан жиналған жастар спикерге толғандырған сауалдарын қойып, түрлі тақырып туралы пікір алмасты.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ұйымдастырған шараға Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарынан 18-29 жас аралығындағы 200-ге жуық жас қатысты.