Басты бетТимур Құлыбаев...

Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

Бүгін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысы өтті. Жиынға Ассамблея мүшелері, олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт федерацияларының президенттері қатысты. Дауыс беру нәтижесі бойынша ассамблея мүшелері еліміздегі бас олимпиада ведомство басшысын тағы да төрт жылға сайлады.

Тимур Құлыбаев бұл қызметке алғаш рет 2015 жылы тағайындалған болатын.

Артта қалған төрт жыл ішінде қазақстандық спорттың дамуында үлкен өзгерістер байқалды. Әсіресе, мемлекеттік құрылымдар, Ұлттық Олимпиадалық комитет және ұлттық спорт федерацияларының бірлескен жұмысының арқасында көптеген іс тындырылды.  Барлық деңгейдегі тығыз қарым-қатынас орнату прогреске жетеледі. Сондықтан әрбіріңізге — спорттың олимпиада түрі бойынша команда басшысынан спорт дәрігеріне дейін, федерацияның бас хатшысынан менеджерге дейін, спорт киімдерін үлестіруге жауапты адам, жалпы, барлық спортшыға, ата-анасы мен атлеттердің бапкерлеріне алғыс айтамын. Барлық жетістік біздің ортақ жеңісіміз.  Бүгінде Қазақстан ҰОК — расымен де халықаралық спорт қауымдастығының маңызды мүшесі және әлемдің спорт ұйымдарының сенімді серіктесі. Қазақстан ҰОК төрт жылда үлкен жұмыс тындырды. Алайда отандық спорттағы фундаментал өзгерістерге қарамастан бұл іс тек бастамасы ғана. Алда жауапты шаралар мен жаңа белестер бар. Қазақстандағы спортты дамыту үшін еңбектене береміз, деді — Тимур Құлыбаев.

Отырыста Ұлттық Олимпиада комитетінің отандық спорт жүйесін түбегейлі өзгерткен төрт жылғы жұмысы қорытындыланды. Спорт мәселелері бойынша заңнамаларға түзетулер енгізіліп, олар 2018 жылы күшіне енді. Ұлттық Олимпиада комитеті бірінші рет мемлекеттік тапсырыс орындаушысы болды.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ұлттық спорт федерацияларының тиімділігін арттырды. Спорт түрлерін реттеу мүмкін болды, нәтижесінде қаржыландыру көлемі жетістіктерге, бұқараның жұмылдырылуына, кадрлармен, спорт базаларымен қамтылу және өзге факторларға байланысты болды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі төмендеді, олимпиадалық спортта қаржы ағыны айқын бола бастады, қолма-қолсыз есептесуге ауысып жатыр. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті сыбайлас жемқорлық тәуекеліне сараптама жасау жөнінде бастама көтерді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ықпал ету агенттігі алғаш рет мемлекеттік емес ұйымда осы бағытта жұмыс істеді.

Ұлттық Олимпиада комитеті президентінің тікелей тапсырмасы бойынша спорттың олимпиада түрлері бойынша құрама командаларды оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде сапалы медициналық қадағалаумен қамтамасыз етуге бағытталған жоба жасалып, бүгінде жүзеге асырыла бастады.

Кешенді ғылыми топтарға дәрігерлер, мануал терапевтер мен диетологтар, биохимиктер, массаж жасаушылар кіреді. Бүгінде құрама командалармен 123 маман жұмыс істейді, елдегі және шетелдегі шараларға спортшылардың жанында болады.

Ұлттық Олимпиада комитеті Қазақстан ұлттық антидопинг орталығымен тығыз қарым-қатынас орнаттты. Көптеген спорттың олимпиада түрлері бойынша командалар жиын өткізетін Дүниежүзілік бокс академиясы негізінде заманауи ProSport спорт медицинасы, сауықтыру және дайындық орталығы ашылды. Жаңа техникалық жабдықтармен қамтылған, қызмет аясы кең, әзірге Қазақстанда баламасы жоқ орталық 27 қыркүйекте ашылады деп жоспарланып отыр. Осы уақытта Халықаралық Олимпиада комитеті әлемге танымал спикерлердің қатысуымен спорт медицинасы бойынша халықаралық конференция өткізеді.

Бүгінде 10 ұлттық федерацияның өкілдері өз спорт түрлері бойынша халықаралық федерацияның атқарушы комитетінің, түрлі комиссияның құрамына енеді. Азия ұйымдарында да қазақстандық өкілдер көп. 14 ұлттық федерация өкілі — құрлықтық ұйымға мүше.

Халықаралық спорт федерацияларында жас мамандардың тәжірибе жинауына да үлкен мүмкіншіліктер қарастырылған. Бұған қоса, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті спорт федерациялары мен клубтардың, қауымдастықтар мен Конфедерацияның және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті қызметкерлерін халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша дене шынықтыру және спорт саласында білім алуы туралы бастаманы көтерді. Мұның бәрі отандық спортты білікті мамандармен толықтыруға арналған қадамдар болатын.

Ұлттық Олимпиада комитетінің Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасымен әріптестігі аясында спорт менеджерлері мен бапкерлер алдыңғы қатарлы елдерде біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасып жатыр. 2018 жылы 85 спортшы мен 27 спорт түрінен 205 жаттықтырушы Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасының қатысушысы атанды. Спорттық ұйымдардың 207 өкілі өз мамандықтары бойынша курстан өтті.

2015-2016 жылдары Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінде ребрендинг өткізіліп, ұйымның маркетингтік және институтционал логотиптері бекітілді. Ұлттық Олимпиада комитетінің сайты — Olympic.kz толығымен жаңартылды. Бүгінде бұл олимпиадалық спорт түрлеріне арналған, күн сайын 24/7 форматында контентін жаңартатын толыққанды ақпараттық порталға айналды. Мұнда спортшылардың нәтижесі туралы жедел ақпарат, пікір, сұхбаттар, анонстар мен сараптама мақалалар, фото және видеоматериалдар жарияланады.