Әнші Жанар Хамитова қайтыс болды

Бұл туралы әнші Әбубәкір Ужазов (Әбу Кай) Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Сене алар емеспін. Ардақты ағайын, қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. «Жанарға не болды?» деп бірер сағатта қаншама хат келді. Мән жайды анықтап, ағасына хабарластым. Өкінішке қарай, сіздер де, мен де естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық. Арамыздан ерте кетті, өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем, әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз, Жанар Хамитова! Ата-анасына, жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын, — деп жазды ол.

Жанар Хамитова — Super Star KZ жобасының финалисі. Ол шығармашылық карьерасын әнші Нұржан Керменбаевпен бірге «Арнау» тобында бастаған.