Президент Шамалғандағы апаттан қаза болған азаматтың туыстарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында пойыз бен автобус соқтығысынан қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты.

Алматы облысы Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу басталды, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter желісіндегі парақшасында.

Төтенше жағдай 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында болған. Пойыз Алматы-Қостанай бағыты бойынша қозғалған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловтың айтуынша, автобус жүргізушісі дабылды елемей теміржолға өтіп кеткен. Нәтижесінде автобус пойызбен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты. Үш адам зардап шеккен. Оның біреуі – әйел, екеуі – бала. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.