Руслан Иманқұлов «Қазақстан темір жолы» басшысының кеңесшісі болып тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысы Қанат Алпысбаевтың бұйрығымен Руслан Иманқұлов басқарма басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.

Руслан Иманқұлов БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелерін қадағалап, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметі туралы халықты ақпараттандыру және хабардар етумен айналысады. Қанат Алпысбаев Руслан Иманқұловаты ұжымға таныстыра отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ үнемі азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық және қолжетімді имиджді қалыптастырғанын атап өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесудің тиімді тетіктерін жолға қоюдың маңызына тоқталды. Бұл тағайындауға дейін Руслан Иманқұлов азаматтық қорғаныс органдарында қызмет етті және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі болды.