«Астана» халықаралық қаржы орталығын ұдайы қолдаймын — Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасыға АХҚО Соты, Ағылшын құқығы академиясы, Халықаралық төрелік орталығы және АХҚО Ахуалдық орталығының қызметі туралы мәлімет берілді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаржы орталығы биржасының негізгі акционерлерімен және қатысушыларымен кездесті.

Спикерлердің баяндамасын тыңдаған соң Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығының АХҚО қызметін толық қолдайтынын атап өтті. 

Жекешелендіру жоспарын АХҚО Биржасы арқылы іске асыруды жалғастыру қажет. Әрине, әлемдік нарық ахуалын ескерген жөн. Әлемнің халықаралық қаржы орталықтарының АХҚО-ға деген сенімін күшейту керек. Ұлттық экономикаға тартылатын қаржы ресурстарының мөлшері осыған байланысты, ­- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті экономика өсімінің жоғары қарқынын қамтамасыз етудің және елдің стратегиялық даму жоспарларына қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Алда орталықты ауқымды жұмыс күтіп тұр. Барлық серіктеспен қалыптасқан іс-қимылды жалғастыру маңызды. Мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын ұдайы қолдайтын боламын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылы 7 желтоқсанда қол қойылды.

Бүгінгі таңда АХҚО GFCI қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 102 орынның 51-де тұр. АХҚО «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» өңір рейтингісінде 1-oрын алды. АХҚО аумағында тіркелген компаниялар саны 258-ге жетті.