Қазақстанда елдің климаттық жағдайына сай сорғыш респираторлар өндірісі қолға алынды. Өндіріс AVON Protection британдық лицензиясы бар.
Өндірісті мұнай-газ жобаларына қорғаныс құралдарын жеткізумен айналысатын QHSE-Ақбарыс компаниясы қолға алды. Нұр-Сұлтан аумағында «Астана- жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында AVON NH15K респираторлар жиынтығы құрылды. Кәсіпорында 16 жаңа жұмыс орны ашылған.
QHSE-Ақбарыстың бизнесті дамыту менеджері Тимур Жарлықағановтың айтуынша, Қазақстанда бұл өндіріске «Теңізшевройл» компаниясы тапсырыс берген. Тимур Жарлықағанов «Теңізшевройл» компаниясының бас директоры Имер Боннерге алғыс білдірді.
Өндіріске тапсырыс беруші «Теңізшевройл» компаниясының бас директоры процестің алғашқы кезеңінен жұмысқа белсенді араласты. Соның арқасында қазір өндірісін бастаған зауыттың ашылуына куә болып отырмыз, — деді Тимур Жарлықағанов.
Қазақстанда шығарылатын респираторлар ауаны 15 минут бойы сүзгіден өткізіп тұра алады. Бұл уақыт төтенше жағдай кезінде қауіпсіз аймаққа жетуге жеткілікті. Бетті толық жабатын маска коррозиялық сұйықтықтар мен тұманнан қорғайды.