Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кей көшеге жарық шамдар алғаш рет орнатылады.
16 шілдеде көше жарығына қатысты өткен кеңесте қала басшысы Бақытжан Сағынтаев қалада аулалардың 52%-і мен көшелердің 26%-інде жарықтың жоқ екенін айтқан болатын.
Қала басшысының тапсырмасы бойынша энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы мақсатты қаржының бәрін бұрын жарығы болмаған аулалар мен көшелерге жұмсайтын болды. Ең алдымен Жаңа Алматының аудандарына көңіл бөлінеді. Қолға алынған жұмыс мегаполисті «Шетсіз қала» қағидасы бойынша дамытуға үлес қоспақ.
Қазір Алатау, Әуезов, Жетісу, Медеу мен Наурызбай аудандарындағы 121 көшеге 140 шақырымға жуық сыртқы жарық желісі тартылды.