Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болды

Қыдырәлі Болманов. Фото: Sputniknews.kz

Әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Оның бұл қызметке тағайындалғаны туралы әріптесі — министрдің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев мәлімдеді.

Қыдырәлі Болманов — белгілі Қазақстан әншісі және композитор. Ол өнер жолын «АБК» музыка тобында бастаған. Қыдырәлі Болманов — «Ұлытау» тобының продюсері және ойыншық өндіретін «Балбала» компаниясының негізін қалаушы.

Еске салайық, 2019 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімнің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *