Әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Оның бұл қызметке тағайындалғаны туралы әріптесі – министрдің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев мәлімдеді.
Қыдырәлі Болманов – белгілі Қазақстан әншісі және композитор. Ол өнер жолын “АБК” музыка тобында бастаған. Қыдырәлі Болманов – “Ұлытау” тобының продюсері және ойыншық өндіретін “Балбала” компаниясының негізін қалаушы.
Еске салайық, 2019 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімнің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.