Басты бетЭкономикаТимур Құлыбаев:...

Тимур Құлыбаев: Әйел кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа формасы керек

Бұл ұсынысты Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Нұр-Сұлтанда өткен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің V конгресінде айтты.
«Халық банк» бірінші болып әйел кәсіпкерлерге 5-7% мөлшерде жеңілдетілген несие беруді бастаған еді. 3 миллиард теңге бөлініп, оған 340 бизнес-жоба жүзеге асқан. «Атамекен» басшысы бұл бастаманың бизнесте де жалғасатынына сенім білдірді.

Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының жұмыс істеу тәсілін дамыту өте маңызды. Олар өңірдегі Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің қаржы ресурстарын а қатысты ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік береді, — деді Тимур Құлыбаев.

Іскер әйелдер кеңесі
Фото: Atameken.kz

«Атамекен» басшысы әйел кәсіпкерлерге арналған жеке оқу құралын шығару керегін айтты. Бұл өз ісін бастағысы келетін, бірақ тәжірибесі мен білімі аз адамдарға көп көмек болар еді.

Тимур Құлыбаев әйел кәсіпкерлердің көрмесі де тиімді құралдың бірі екенін атап өтті.

Іскер әйелдер кеңесі тәжірибесі үйде айналысуға болатын қолөнер, маркетинг пен интернет-тренинг негіздерін оқыту жұмысында аса пайдалы. Сонымен бірге әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, оның ішінде өңірлердегі әйелдер мен балалардың қолайлы өмір сүруі үшін инфрақұрылым стандарттарын жасау өте маңызды, — деді  «Атамекен» басшысы.

Шара соңында орталық және жергілікті атқарушы органдарға, даму институттарға,  қаржы ұйымдары мен бизнес-қауымдастықтарға елдегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар берілген Резолюцияға қол қойылды.

ДереккөзAtameken.kz