Басты бетЖаңалықтарАсанәлі Әшімов...

Асанәлі Әшімов Президент Жолдауы мәдениет саласы үшін маңызды болғанын айтты

Оның айтуынша, мәдениет саласына серпін беру — кезек күттірмейтін мәселе.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсету керек екенін айтты. Мәдениеті өскен мемлекеттің дамыған елдердің қатарына қосылары хақ. Біздің де дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деген талпынысымыз бар. Мұнда мәдениет пен әдебиеттің ролі өте үлкен. Сондықтан біз жұмыс істеуіміз керек, — деді Асанәлі Әшімов.

Ол Президенттің қала мен дала арасын жақындату жөніндегі тапсырмасын орындау әр азаматтың міндеті екенін айтты.

Руханиятты жаңғырту — дер кезінде көтерілген мәселе. Әсіресе, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне көңіл бөлінбей отырғаны сөз болды. Мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту тапсырмасы да берілді. Бұл Жолдау мәдениет пен руханиятқа үлкен қозғау салып, көптеген игі шараның бастамасы болғалы тұр. Өткен жылға өкпеміз жоқ, келер жылдан күтеріміз көп, — деді Қазақстанның Еңбек ері.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйегіндегі Жолдауында білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек екенін айтты.