«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамы бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр, кей жерде нөсер жауады.
Түркістан облысында 23 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Атырау облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.
Қарағанды, Павлодар облыстарында 25 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жауады.
Ақтөбе облысында да дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады.
Жамбыл облысында жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.