Басты бетЖаңалықтарӘнуар Өскенбаев...

Әнуар Өскенбаев Nur Otan орталық аппаратының басшысы болды

Әнуар Өскенбаев Nur Otan партиясы орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де хабарлады.

Әнуар Өскенбаев партия орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол әр жылдары Есеп комитетінде жұмыс істеп, партияның аудит қызметін басқарды. Аймақтық тәжірибесі де мол. Оның Елбасының жандандыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға үлкен үлес қосатынына сенімдімін, — деп жазды Бауыржан Байбек.

Әнуар Өскенбаев 1976 жылы Жамбыл облысында туған. Еңбек жолын «ҚазФосфат-НПФЗ» серіктестігінде слесарь болып бастаған. 2005-2007 жылдары ҚР Индустрия министрлігінің бас маманы, іздеу жұмысы бөлімінің басшысы, 2007-2013 жылдары Есеп комитетінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, 2013-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ішкі аудит қызметінің басшысы, 2015 жылы Алматы әкімдігі аппараты басшысының орынбасары, 2016 жылы Алматы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы болды.

2018 жылдан бері Алматыдағы Әуезов ауданының әкімі болып қызмет етті.

Еске салайық, бұған дейін Ғабидолла Оспанқұлов Nur Otan партиясының хатшысы болып тағайындалған еді.